Қазақстанның қай өңірлерінде қар көшкіні қаупі бар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көшкін ахуалына мониторингті «Қазселденқорғаудың» 62 бекеті, 24 қар өлшеу маршруты және 29 диспетчерлік бекеті жасайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның қай өңірлерінде қар көшкіні қаупі бар

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қар көшкінінің түсуіне дер кезінде әрекет ету үшін «Қазселденқорғау» бөлімшелері күшейтілген жұмыс режиміне ауысқан.

Барлық филиалдарда, өндірістік-пайдалану учаскелерінде басшылық пен бас мамандар қатарынан жауапты қызметкерлердің кезекшілігі жалғасып жатыр.

Қазселденқорғау аумақтық басқармаларының жалпы саны 115 адам мен 64 техниканың 12 авариялық бригадасы ден қоюға дайын.

Бүгінгі таңда жалпы көлемі 145 695 м³ құрайтын қар көшкіні 101 мәрте мәжбүрлеп түсірілді.

Сонын ішінде Алматы қаласында – 14 (көлемі 80 800 м³), Алматы облысында – 18 (көлемі 95 м³), Шығыс Қазақстан облысында – 69 (көлемі 64 800 м³).

Көшкін қауіпті кезеңнің басынан көлемі 182 625 м³ 95 қар көшкіні өз бетінше түскен.

Соның ішінде 79 - Алматы қаласында , 10 - Шығыс Қазақстан облысында және 6 - Алматы облысында.