Қазақстанның кеден бекетінде Өзбекстан азаматынан аудио-видео жазбаларды жасайтын қол сағаттар мен түймелер табылды
Оның қол жүгін рентген (RAPISСAN) апараты арқылы кедендік тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының аумағына алып келуге тыйым салынған және тиісті кедендік рәсімдеуден өтпеген: аудио-видео жазбаларын жасайтын құрылғысы орнатылған темір білезікті қол сағаттың 6 данасы; аудио-видео жазбаларын жасайтын құрылғысы орнатылған резеңкелі білезікті қол сағаттың 5 данасы; аудио-видео жазбаларын жасайтын құрылғысы орнатылған және 4 GB-тық микрофлешкасы бар түйменің 2 данасы, сондай-ақ электрмен есеңгірететін электрошокерлердің 8 данасы табылды.
ОҚО бойынша ҰҚК Ақпараттық жүйелер қызметі 1-ші орталығы басқармасының қорытындысына сәйкес, электрошокерден басқа аталған тауарлар арнайы-техникалық құрылғылар болып табылады.
Аталған факт бойынша жинақталған іс-құжаттар одан әрі ішкі істер органдарына жолдану үшін және процессуалдық шешім қабылдану үшін ОҚО прокуратурасына жөнелтілді.