19:00, 14 Ақпан 2013 | GMT +5
Қазақстанның Кеден одағы елдерімен саудасы 7 пайыздай артқан
АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Өткен жылы Қазақстан Республикасының Кеден одағы елдерімен өзара саудасы 24 млрд. 625,5 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл туралы бүгінгі Статистика агенттігінің брифингінде мәлім етілді.

Оның айтуынша, бұл көрсеткіш 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 6,9%-ға өскен.
Атап айтар болсақ, Қазақстан Республикасы экспортының көпшілігін минералды өнімдер (Кеден одағы елдерінің барлық экспортының 38,9%-ы), металдар және олардан жасалған бұйымдар (30,9%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (14,6%) құрады.
Ресей Федерациясынан және Беларусь Республикасынан үлкен дәрежеде минералды өнімдері (Кеден одағы елдері импортының 27,0%-ы), машиналар және жабдықтар (27,0%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (13,0%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (11,3%) әкелінді.