Қазақстанның кедендік органдары бірінші тоқсанда 160-тан астам қылмыстық іс қозғады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жылғы бірінші тоқсанда Қазақстанның кедендік органдары 160-тан астам қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ҚМ КБК Контрабандаға қарсы күрес басқармасы анықтау бөлімінің бастығы Ерден Жұма мәлім етті.
None
None

«Биылғы бірінші тоқсанда Қазақстан Республикасының кеден органдары 164 қылмыстық іс қозғап, осы бойынша тауарлардың жалпы құны 4 млрд. теңгеден асты. Төленбеген кедендік төлемдер мен салықтар түріндегі залал көлемі 1,5 млрд. теңгені құрады», - деді ол.

Е. Жұманың сөзіне қарағанда, аталған мерзімде 2,2 мың әкімшілік іс қозғалып, осы орайда мемлекетке келтірілген залал сомасы 511 млн. теңгеден асты.

«Есірткі және психотропты заттардың 21 заңсыз айналымы фактісінің жолы кесіліп, 33 қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 5 келіні құрап, оның ішінде 3 келісі - героин», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар