Қазақстанның кей аймақтарындағы банкоматтарда қолма-қол ақша жеткілікті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның жағдайы тұрақты кейбір аймақтарындағы банкоматтарда қолма-қол ақша жеткілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның кей аймақтарындағы банкоматтарда қолма-қол ақша жеткілікті

«Мемлекет басшысының қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге қатысты тапсырмасына сәйкес ҚР Ұлттық банкі хабарлайды, екінші деңгейлі банктер еліміздің жағдайы тұрақты кейбір аймақтарындағы банкоматтарға жеткілікті мөлшерде қолма-қол ақша салды»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін Kaspi банк пен Halyk Bank-тің мобильді қосымшалары интернетсіз жұмыс істеп тұрғаны хабарланған болатын.