Қазақстанның кей өңірлерінде 33 градус аяз болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алдағы үш күнде Қазақстан аумағына Қара теңіз аймақтарынан келетін ауқымды антициклон ықпал етеді, күн жауын-шашынсыз болады деп күтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның кей өңірлерінде 33 градус аяз болады

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, тек Қиыр Солтүстікте, 17 ақпанда республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда фронтальды бөліктердің ықпалымен қар жауады.

Солтүстікте ауа температурасы түнде 10-23 градус аяз, орталықта және шығыста 17-27 градус, кей өңірлерде 33 градус, оңтүстікте 5-15 градус аяз сақталады.