Қазақстанның кей жерлерінде үсік жүреді - сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 30 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның кей жерлерінде үсік жүреді - сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, дауыл болып, желдің  күшеюі,  шаңды дауыл, тұман, бұршақ жаууы мүмкін. Тек батыста және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қарағанды, Солтүсік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз кей жерлерде екпіні 30 м/с және одан жоғары, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында кей жерлерде дауыл, бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да аса күтіледі.

Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с күтіледі,  дауыл, шаңды дауыл күтіледі.

Ақтөбе, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады, Қостанай облысының кей жерлерде дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 18-23, екпіні 28 м/с күшейуі күтіледі. Маңғыстау облысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді, сондай-ақ дауыл, бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 3 градуска дейін үсік күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.