Қазақстанның кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл борайды - 2 тамыздағы ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн райы ашық болады, республикаының солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыс бөлігінде ғана атмосфералық ағындардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, кей жерлерде күн күркіреп, жауын жауады.

Қазақстанның кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл борайды - 2 тамыздағы ауа райы болжамы

Қазақстанның кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл борайды, солтүстігінде тұман түседі. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі «Қазгидрометке» сілтеме жасап хабарлады.

Жамбыл, күндіз Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, шаңды дауыл борайды. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетіп, Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, облыстарында кей жерлерде тұман түсуі күтіледі. Күндіз Атырау облысында, Қарағанды облысының кей жерлерінде аптап ыстық болады. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысының басым бөлігінде және батысында, солтүстік-батысының кей жерлерінде және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Таяудағы үш тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы тау өзендерінде су деңгейінің құбылуы байқалады.