Қазақстанның кейбір аймақтарында ауа райы күрт суытуы мүмкін - Қазгидромет

АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды мен Павлодар облыстарында күн шұғыл суыту мүмкіндігі туралы ескерту жасады.

Қазақстанның кейбір аймақтарында ауа райы күрт суытуы мүмкін - Қазгидромет

«Қыркүйектің 3-і күні түнде Солтүстік Қазақстанда, 3-4-і күндері Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарында сондай-ақ, қыркүйектің 4-5-і күндері Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында 0-2 градусқа дейін күн суытады деп күтілуде», - делінген таратылған хабарламада.