Қазақстанның кейбір аймақтарында ауа райының суытуы сақталады - 31 мамырдағы ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның оңтүстік және шығыс жақ жартысы атмосфералық ағындар ықпалында болып, орнықсыз ауа райы күтіледі, найзағай ойнап, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін, қалған аумақта күн ашық болады, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
None
None

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, түнде Алматы, Қарағанды, күндіз Атырау облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-22 м/с-қа жетеді. Қызылорда облысында кей жерлерде желдің күші 17-22 м/с-қа жетіп, шаңды дауыл көтеріледі. Шығыс Қазақстан облысында кей жердерде 15-20 м/с-қа дейін жел тұрып, түнде және таңертең - тұман түседі. Маңғыстау облысында кей жерлерде 15-20 м/с-қа дейін күшті жел соғады, тұман түседі. Қостанай облысында түнде кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз желдің күші 18 м/с-қа дейін жетеді.

Түнде Павлодар облысында, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде ауа райының 0-5 градусқа дейін суытуы сақталады.

Республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Таяудағы үш тәуліктің ішіде Шығыс Қазақстанның таулы өзендерінде су деңгейінің көтерілуі жалғасады, соның салдарынан өзендер арнасынан асып, су басу қаупі туындауы мүмкін. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы өзендерде су бетінің құбылуы байқалады. 31 мамырда Алматы облысының кейбір тау өзендерінде нөсер жаңбырдың салдарынан су тасқыны қалыптасуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар