Қазақстанның кейбір өңірлерінде тұман түседі - 4 наурыздағы ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағы ауқымды антициклон ықпалында болып, күн ашық болады, кейбір өңірлерде тұман түседі, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстанның кейбір  өңірлерінде тұман түседі - 4 наурыздағы ауа райы болжамы

Ақмола, Жамбыл, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Қостанай және Қарағанды облыстарында тұман түседі. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді деп күтілуде.