Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша, өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты құжат жалпы отырыста талқыланады - Сенат

Отырыста аталмыш құжатқа байланысты баяндама жасаған Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімовтың айтуынша, заң жобасы қоршаған ортаға эмиссияларды төмендету бойынша инвестициялар тарту, экологиялық проблемаларды шешу, табиғат пайдаланушылардың жауапкершліктерін күшейтуді қарастырады. Сонымен қатар құжат қалдықтардың жинақталу көлемін азайту, нарықтық тетіктерді енгізу жолымен парниктік газдардың шығарындыларын төмендету, экологиялық құқықбұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейту болып табылады. Заң күшіне енетін болса, Қылмыстық, Әкімшілік құқық бұзушылықтар, Экологиялық, Салық және Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске сондай -ақ бірқатар басқа да заңдарға өзгерістер енгізілетін болады. Заң жобасын отырыста жан-жақты талқылаған депутаттар оны Сенаттың жалпы отырысына енгізу қажет деп шешті.