15:54, 28 Сәуір 2011 | GMT +5
«Қазақстанның кішкентай аруы - 2011» конкурсының ақтық сындары Астанада өтеді
АСТАНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Сенбі, сәуірдің 30-ы күні Астанадағы «Рамада плаза» қонақүйінде «Қазақстанның кішкентай аруы - 2011» республикалық конкурсының ақтық сындары өтеді.

Конкурстың биылғы ақтық сындарына аймақтық іріктеуден өткен 12 қыз бала: Аяна Сейдімханова, Марал Сәрсенова, Әлима Бексұлтан, Айша Сәлімгерей, Мадина Сәдірмекова, Наргиза Оспанова, Хабиба Жүнісова, Әсел Ізмұхан, Айдана Жармағамбет, Еңлік Ұлтарақова, София Белякина және Айлин Момыш қатысады. 8-12 жас аралығындағы осы қатысушылар «Қазақстанның кішкентай аруы - 2011» тәжі үшін өзара сынға түспек. Сондай-ақ конкурс жеңімпазы халықаралық конкурсқа жолдама алмақ.