Қазақстанның көлік сақтандыру нарығы жаңа өніммен толықты

АЛМАТЫ. 22 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Енді қазақстандықтарға көлік сақтандырудағы 5 тәуекелдің тобына да қолжетімді болады.
None
None

Оны "НОМАД Иншуранс" сақтандыру компаниясының Басқарма төрағасы Ринат Ахметьянов бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтты.

Бұған дейін сақтандыру компаниялары Қазақстанда клиенттерге сақтандыруда автомобиль пайдалануда 4 тәуекел тобын ғана ұсынып келген болатын. Олар - жол көлік оқиғасы, ұрлық, табиғат апаты және айдап кету. Ал өзге дамыған елдерде көлік бұзылудан сақтандыру қызметі бұрыннан бар және ол сақтандырудың жеткілікті деңгейде кең тараған түрі болып саналады. Енді Қазақстанның сақтандыру нарығында инновациялық жаңа өнім болып табылатын көлікті бұзылудан сақтандыруды ең алғашқы боп "НОМАД Иншуранс" сақтандыру компаниясы ұсынды.

"Бұл идея тұтынушылардың өтінішінен туындап отыр. Біздің компаниямен ай сайын 40 мың сақтандыру келісімін жасаған адам байланыс жасайды. Олармен қарым-қатынас кезінде біз сұранысы мен тәуекелдері туралы бизнесте ең құнды ақпараттарды аламыз. Әзірге бұл жаңа өнім жалпы бұқаралық болмайды. Өйткені елдегі автомобиль паркінің 60 пайызын шығарылғанына 10-жылдан асқан көліктер құрайды. Біз әзірге 2005 жылдан кейін шығарылған және Қытай мен Ресейден басқа елдердің автокөліктерін ғана сақтандырамыз", - дейді Р. Ахметьянов. Ал "МАСS Kazakhstan" компаниясының Басқарушы директоры Даниель Оразбековтың айтуынша, бұзылудан сақтандыру, яғни механикалық сынудағы кепілдендірілген төлеу қызметі АҚШ-та 30 жылдан бері, ал ТМД елдерінде 5 жылдан бері қолданылып келе жатыр. Жөндеу және көлік құралдарына техникалық және кепілдендірілген қызмет көрсетумен айналысатын американдық "МАCS" компаниясы 4 жыл бұрын Украинадағы өкілдігін ашқан еді. Былтыр Қазақстанда жұмыс жасауға келісім жасалды. "Қазақстанның автомобиль және автосервис нарығы қозғалысты түрде дамуда. Алайда дамудың көжиегі әлі өте зор. Оған жоғары кәсіби сервис стансаларының аздығы да айқын дәлел бола алады", - деді Д. Оразбеков.

Соңғы жаңалықтар