Қазақстанның көп бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Павлодар облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, бұршақ жаууы ықтимал.
Ақмола, Қарағанды, күндіз Қостанай облыстарында жер-жерлерде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертең тұман болуы мүмкін.
Жамбыл, күндіз Алматы, Маңғыстау, Атырау, Батыс-Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел жылдамдығы 15-20 м/с құрап, шаңды дауыл күтіледі.
Қызылорда, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман болады деп болжануда.
Күндіз Алматы, Атырау және Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күн ыстық болуы ықтимал.
Оңтүстікте, батыстың кей жерлерінде, солтүстік-батыста, шығыста, оңтүстік шығыста және республиканың орталығында күн ыстық болады.