Қазақстанның көп жерлерінде ертең аптап ыстық болуы ықтимал

АСТАНА. 16 тамыз. ҚазАқпарат - Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде ертең аптап ыстық болуы ықтимал.

Қазақстанның көп жерлерінде ертең аптап ыстық болуы ықтимал

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлайды.

«Қазақстанның солтүстік бөлігі атмосфералық фронттардың ықпалында болады, кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай болады, жел күшейеді. Республиканың оңтүстік бөлігі жоғары атмосфералық қысым аумағының ықпалында болады, сондықтан да осы жерлерде ауа райы ыстық, құрғақ болады», деп көрсетілген хабарламада.

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс Қазақстан, күндіз Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с дейін күшейді.

Республиканың оңтүстігінде, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.