Қазақстанның көптеген аумағында найзағайлы жаңбыр жауып, екпінді жел соғады - 9 маусымға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 8 маусым. ҚазАқпарат - 9 маусым күні Қазақстанның көптеген аумағында атмосфералық фронтальдық ағымдардың өтуімен найзағайлы жаңбыр жауып, екпінді жел соғады,

Қазақстанның көптеген аумағында найзағайлы жаңбыр жауып, екпінді жел соғады - 9 маусымға арналған ауа райы болжамы

деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, күндіз Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында кейбір жерлерде 15-20 м/с дейін жел күшейіп, Оңтүстік Қазақстан облысында шаңды дауыл болады.

Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында ыстық ауа райы сақталады.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, Қарағанды облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының кейбір жерлерінде төтенше жоғары өрт қауіптілігі сақталады.

Жақын үш тәулікте республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейлерінің ауытқулары күтіледі.