Қазақстанның көптеген аймақтарында 21 тамыз күні тұрақсыз ауа райы болып, кейбір жерлерде жаңбыр жауады
АСТАНА. 20 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтерінше, 21 тамыз күні Қазақстанның көптеген аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, кейбір жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел күшейеді.
Республиканың оңтүстігі ме оңтүстік-шығысында құрғақ және ыстық ауа райы сақталады.
Ақмола облысында желдің 15-20 м/с дейін күшеюі, түнде жел екпінінің 25 м/с-ке дейін соғуы күтіледі.
Түнде Алматы облысындағы Жалаңашкөл ауданында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с-ке дейін жылдамдықпен жел соғады.
Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында, күндіз Шығыс Қазақстан облысында кейбір жерлерде желдің 15-20 м/с дейін жылдамдықпен соғуы, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысында кейбір жерлерде тұманның түсуі күтіледі.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, Жамбыл, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде күн қатты ысиды.
Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысында, батыс, шығысының кейбір жерлерінде төтенше жоғары өрт қауіптілігі сақталады.
Республиканың оңтүстігі мен шығысындағы таулы өзендерде су деңгейлерінің ауытқулары байқалады.