Қазақстанның көптеген бөлігінде аязды күн райы сақталуда - 1 ақпанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат - 31 қаңтар түнінде, 1-2 ақпан күндері өте қатты аяз болады деп күтілуде: Алматы облысының солтүстік-шығысында және Жамбыл облысында -30, -35 градус,

Қазақстанның көптеген бөлігінде аязды күн райы сақталуда - 1 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында -40,-45 градус, Қарағанды облысының солтүстік-шығысында -40, -45 градус аяз болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

31 қаңтар түнінде, 1-2 ақпан күндері Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында -40,-43 градус аяз болады деп күтілуде, 1-2 ақпан түндері Маңғыстау облысында -22 градусқа дейін суытады.

Қазақстанның көптеген бөлігінің 1 ақпандағы ауа райына Кар және Баренц теңіздері аудандарынан келген суық ауа массалары әсер етеді. Республиканың көп бөлігінде аязды күн райы сақталады, жекелеген облыстарда желдің күшеюі, бұрқасын, тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

Маңғыстау облысында кейбір жерлерде көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі күтілуде. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында -  кейбір жерлерде желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі, Ақтөбе облысында - жаяу бұрқасын болмақ.  Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде жаяу бұрқасын болады деп күтілуде, ал түнде және таңертең кейбір жерлерде тұман, Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Қарағанды облысында түнде және күндіз кейбір жерлерде тұман болады. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде жаяу бұрқасын, желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі күтілуде. Жамбыл облысында - кейбір жерлерде тұман, көктайғақ, секундына 15-20 метрге дейін екпінде жел соғады. Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы облысының солтүстігінде түнде өте қатты аяз болады деп күтілуде. Қарағанды облысында түнде қатты, кейбір жерлерде өте қатты аяз болады. Солтүстік Қазақстан, Ақмола облысының кейбір жерлерінде, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында түнде қатты аяз болады деп күтілуде.

Таяудағы тәуліктерде Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының көптеген өзендерінде мұз құбылыстарына байланысты су деңгейлерінің ауытқулары байқалады, жекелеген өзендерде су деңгейінің күрт көтерілуі жағдайында олардың арналарынан асып, су басу жағдайлары болуы мүмкін.