Қазақстанның көптеген бөлігінде тұман түседі - 11 қаңтарға ауа райы болжамы

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - 11 қаңтарда Қазақстанның батыс аудандарының ауа райына циклон әсер етеін болады, соның салдарынан кей жерлерде шамалы қар жауып, тұман түседі. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап ТЖМ баспасөз қызметі хабарлайды.
None
None

Республиканың оңтүстік аймақтарында атмосфералық ағындардың әсерінен шамалы қар жауып, жел күшейеді. Қалған аумақта күн ашық болады.

Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде тұман түседі.

Ақтөбе облысында түнде тұман түсіп, жаяу борасын болады, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында - кей жерлерде тұман түседі, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысында кей жерлерде тұман көтеріледі, Жалаңашкөл ауданында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секудына 18-23 метрге дейін күшейеді. 

Соңғы жаңалықтар