Қазақстанның көптеген қалаларында ауа сапасы жақсарады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның көптеген қалаларындағы метеорологиялық жағдай 3 тамыз күні жайлы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
Тек Астана түнде, Қарағанды, Балқаш және Теміртау қалаларында жағымсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.
Ал өзге қалаларда ауа сапасына кері әсер ететін метеожағдайлар болмайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.