Қазақстанның ҚПО консорциумы үлесін иелену бойынша келіссөздер үдерістері жалғасуда - Әсет Мағауов

СТАНА. Шілденің 16-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстанның «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг B.V» Консорциумы (ҚПО) үлесін иелену бойынша келіссөздер үдерістері жалғасуда.

Қазақстанның ҚПО консорциумы үлесін иелену бойынша келіссөздер үдерістері жалғасуда - Әсет Мағауов

Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Мұнай және газ вице-министрі Әсет Мағауов мәлім етті.

«Келіссөздер үдерісі әлі де жалғасуда. Алуға мүмкін акция топтамасы жөнінде, сондай-ақ оның сомасы жайында айтуға әлі ерте. Меніңше, бұл мәселе келіссөздер қорытындысы бойынша ғана шешілетін болады»,- деді вице-министр.

Айта кетейік, бұдан бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында ҚР Үкіметінің ҚПО-ның 10 пайыз акциясын сатып алуы мүмкін екені туралы жарияланған болатын.