Қазақстанның құқық қорғау органдары Қырғызстанның 250 азаматының елдеріне қайтуларына көмек көрсетті

АСТАНА. Маусымның 16-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қазақстанның құқық қорғау органдары Қырғызстанның 250 азаматының елдеріне қайтуларына көмек көрсетті.

Қазақстанның құқық қорғау органдары Қырғызстанның 250 азаматының елдеріне қайтуларына көмек көрсетті

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, бейсенбі, яғни маусымның 15-і күні Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы кедендік бекеттердің бірінде 254 Қырғызстан азаматы болған. Олардың 124-і - Бішкектен, ал 130-ы - Ресейден. «Аталған азаматтардың барлығы Қырғызстанның Ош қаласына бара жатқан. Сондай-ақ олар Өзбекстанның аумағынан заңды түрде өтпек болған. Алайда өзбекстандық кеденшілер оларды жібермеген», деді департамент бастығы.

Оның айтуынша, еліміздің құқық қорғау органдары Ұлттық қауіпсіздік қызметінің өкілдерімен бірлесіп, қырғыздардың Жамбыл облысының Қордай кеден бекеті арқылы елдеріне оралуларына қолғабыс еткен. Отанына қайтуға ниет білдірген қырғыздар мінген көлік маусымның

16-сы күні таңғы сағат 5-00-де Қордай кеден бекетіне жеткізіліп, ол жерден көрші елдің азаматтары шекара асқан.