Қазақстанның құқық қорғау органдарында «тілдік ортаға сіңу» әдісі енгізіледі
АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстанның құқық қорғау органдарында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін көтеру үшін «тілдік ортаға сіңу» әдісі енгізіледі. Бұл туралы бүгін құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты тұжырымдамасын талқылау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел отырысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Жақып Асанов мәлім етті.
Мемлекеттік тілді меңгеру тиімділік бермейтін кезең-кезеңімен дәріс беру әдісімен оқытылып келе жатқандығын атап өткен ол: «Сондықтан да «тілдік ортаға сіңу» әдісін енгізу жоспарлануда. Қызметкерлер өз қалауларымен сөйлесудегі және іс қағазын жүргізудегі негізгі тіл қазақ тілі болып табылатын өңірлерге жіберіледі», - деді.