Қазақстанның құрама командасы Швецияда өтіп жатқан бендиден әлем чемпионатында екінші рет жеңілді

АСТАНА. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - Бендиден Қазақстанның құрама командасы Швецияда өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші рет жеңіліс тапты, деп хабарлады Vesti.kz.

Қазақстанның құрама командасы Швецияда өтіп жатқан бендиден әлем чемпионатында екінші рет жеңілді

Матчтың екінші турында қазақстандық хоккейшілер қазіргі әлем чемпионы және жарыстардың иесі - Швецияның құрамасымен кездесті. Ойын 9:2 есебімен аяқталды. Қазақстан құрама командасының құрамында Дмитрий Завидовский және Сергей Почкунов ерекшеленді.

Бүгін өтетін матчта қазақстандық хоккейшілер Норвегияның құрама командасымен кездеседі. Ойын Астана уақыты бойынша сағат 19.30-да басталады.

Бенди. Әлем чемпионаты. Швеция
Ерлер. 2-ші тур:
Швеция - Қазақстан - 9:2;
Норвегия - Ресей - 0:12;
Финляндия - Беларусь - 21:2.