Қазақстанның құрылыс қарқыны азайған өңірлері аталды
«Өңірлік бөліністе экономика салаларында бірдей емес қарқын байқалады. Өнеркәсіпте 3 өңірлерден басқа, барлық өңірлер өсуді көрсетіп отыр. Республикалық мәннен төмен өсім 7 өңірде байқалды. Ауыл шаруашылығында барлық өңірлер өсімге қол жеткізгенімен, республикалық көрсеткіштен төмен қарқын 7 облыста тіркелді», - дейді министр.
Тимур Сүлейменовтың айтуынша, құрылыс бойынша төмендеу Астана қаласында, Павлодар, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында байқалған.
«Бұл тұрғын үй құрылысы және өнеркәсіптік нысандар, магистральдық газ және құбырлар құрылысы бойынша жұмыстардың төмендеуіне байланысты. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру 8,1% төмендеді. Ең көп қысқару Алматы қаласында, Қызылорда облысында және Астана қаласында байқалды. Басқа өңірлерде тұрғын үй құрылысы өсім жағынан 2,7 пайыздан 51,9 пайызға дейінгі қарқынды көрсетті», - деді Тимур Сүлейменов.