Қазақстанның күшті жақтарының бірі ел халқының бірлігі болып табылады - Халықаралық Исламдық ғылым академиясының бас директоры Муниф әл-Зухби
СТАНА. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат - Иорданиялық ғалым, Халықаралық Исламдық ғылым академиясының бас директоры Муниф әл-Зухби Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өркендеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауына қатысты өз пікірін білдірді.
Қазақстанның Иорданиядағы Елшілігіне жолдаған хатында иорданиялық ғалым, халықаралық дағдарыстың салдарына қарамастан, Қазақстанның соңғы жылдары орнықты экономикалық ілгерілеуге қол жеткізіп отырғанын атап көрсетеді. Ғалым хатында сондай-ақ, Кеден одағын құрудың есебінен едәуір кеңейіп отырған Қазақстанның Беларус және Ресеймен аймақтық экономикалық ынтымақтастығына оң баға беретіндігі айтылған, деп хабарлады Қазақстан елшілігінен.
Ғалым сонымен бірге, Қазақстанның күшті жақтарының бірі ел халқының бірлігі екендігін атап көрсетеді.