Қазақстанның күштік құрылымдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы меморандумға қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 қарашада ҚР Қорғаныс министрлігінде қорғаныс ведомствосының басшысы Иманғали Тасмағамбетовтің төрағалық етуімен күштік құрылымдардың, сот, құқық қорғау және арнайы органдардың бірінші басшыларын шақыра отырып, Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кеңес өтті, деп хабарлады mod.gov.kz.
None
None

Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлықттың алғышарттарын жоюға бағытталған мемлекеттің маңызды бағдарламалық құжаты 2015-2025 жылдарға қабылданған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия болды.

«Сыбайлас жемқорлық - кез келген мемлекеттің жүйесін ғана емес, сонымен бірге, негізін бұзатын басты фаткорларының бірі. Ал егер ол күштік құрылымда, оның ішінде мемлекеттік құрылыстың тірегі болып келетін армияда тамыр жайса, онда оның салдарының ауқымы туралы айтудың өзі жөнсіз. Елбасы - ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мына сөзін айрықша атап өткім келіп тұр. «Иығына погон таққан адамдар мінсіз жүріс-тұрыспен ерекшеленуі тиіс, ал олардың қатарында сыбайлас жемқорлықтың етек жаюы ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа қауіп төндіреді», - деді ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.

Қорғаныс министрлігі мен Бас штабының аппаратымен қатар, кеңеске өңірлік қолбасшылық, әскер тектерінің қолбасшылары қатысты. Себебі, тікелей бөлімдер мен құрамаларда ұдайы түсіндірме және алдын алу сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты дәл соларға жүргізуге тура келеді.

Қорғаныс министрі Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу қадағалау органдарымен бірлесіп жұмыс жасаудың арқасында болғанын атап өтті. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық ету үшін кеңеске қатысушылар 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне еніп, қолданысқа енгізілетін меморандумға қол қойды. Аталған құжатқа ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмагамбетов, ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев және ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов қол қойды, сондай-ақ Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәми қатысты.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров жаңа заңға жаңа тетіктер енгізілгенін қосып өтті. «Атап айтсақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі, сыбайлас жемқорлық қауіп-қатерлерінің талдауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мен мәдениет. Бұл аспектіде Қорғаныс министрлігінің басшылығы еліміздің қорғалуын нығайту және өз қатарымызда жемқорлықты алдын алу жөнінде бірізді және жүйелі шаралар кешенін қабылдауда. Өз арамызда меморандумға қол қою ортақ істе нығайту қажеттілігін растайтын атаулы күн болып табылады. Осылайша, арамыздағы ынтымақтастық көп бағытты және кең ауқымды болады», - деді ол.

Осы құжатты іске асыру шеңберінде жұмыс кездесулері өткізілуі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында өзара қызығушылық туғызатын жедел ақпарат алмасу жүзеге асырылуы, ҚР заңнамасымен жүктелген тапсырмаларды орындау үшін бірлескен жоспарлар әзірленуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар