Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасында 20 тонна құс етін жасырын өткізудің жолы кесілді
АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін «Мерке» жеке бақылау-өткізу орны «Сыпатай батыр авто» шекаралық бақылау отрядының шекаралық наряды Қырғызстаннан Қазақстанға жүкпен жүріп келе жатқан тіркемесі бар «Вольво» автокөлігін ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады.
Жалпы салмағы 4 тонна қара өрік тиелген жүк арбаның жүргізушісі күдікті көрінген.
Шекарашылар жүк көлігіне мұқият тексерме жүргізіп, жасырын тауардың жолын кесті. Қара өріктің астынан шамамен 20 тонна құс еті табылды.
Аталған факті бойынша тергеу іс-шаралары жүргізілуде.