Қазақстанның қыздар құрамасы самбодан Азия чемпионатының жүлдегері атанды

ТАШКЕНТ. Маусымның 5-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - Өзбекстан елордасында самбо әуесқойлары үшін үлкен мереке өтуде, «Жар» кешенінде боз кілемнің үстінде құрлықтың мықты командалары күш сынасуда.
None
None
Бұл жерде ер азаматтармен қатар самбошы қыздар да күресуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазақстанның қыздар командасы өзбек құрамасына ғана есе жіберіп, командалық есепте екінші орынды иеленді. Ал үшінші орын - Ресей қыздарына бұйырды. 25 елдің командалары кездескен байрақты бәсекеде біздің самбошы қыздар үш алтын медаль қанжығалады. Команда активінде бір-бір «күміс» пен «қола» медаль тағы бар. Астаналық Динара Оразбекова өз салмақ санатында (80 килә) осымен үшінші рет Азия чемпионы атанып отыр.
Соңғы жаңалықтар
Референдум