Қазақстанның локомотивті деполарында локомотивтерді комиссиялық күзгі тексеруден өткізу басталды.

АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - Қазақстанның локомотивті деполарында локомотивтерді комиссиялық күзгі тексеруден өткізу басталды. Бұл туралы «Локомотив» АҚ-ның баспасөз қызметінен мәлім етті.

Қазақстанның локомотивті деполарында локомотивтерді комиссиялық күзгі тексеруден өткізу басталды.

«Тексеруді жүргізу бойынша комиссияның төрағасы ретінде локомотивтерді іске қосу деполарының директорлары мен олардың орынбасарлары тағайындалды. Күзгі комиссиялық тексеруге локомотивті бригадалар қатысуда», - делінген баспасөз хыбарламасында.

Қазіргі уақытта локомотивтерді іске қосу деполарының қызметкерлерін оқыту жүріп жатыр. Төменгі температураларда, дауылдар мен оппы қарларда локомотивтердің үздіксіз жұмыс істеуі - локомотивті депо бригадаларының тәжірибесіне байланысты .

Тексеру қазан айының 30-ына дейін жалғасады.