Қазақстанның Мәдениет министрі ИСЕСКО ұйымының бас директорымен кездесті

АНА. 28 маусым. ҚазАқпарат /Ақбота Күзекбай/ - Қазақстанның Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед бүгін Астанада Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Ислам ұйымының (ИСЕСКО) бас директоры Әбдел-Әзиз Бен Осман Әл-Туейджримен кездесті,

Қазақстанның  Мәдениет  министрі ИСЕСКО  ұйымының  бас директорымен  кездесті

деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында Қазақстанның мәдениет мәселелері бойынша аталмыш ислам ұйымымен ынтымақтастығының перспективалары талқыланды.

ИСЕСКО ұйымы Ислам конференциясы Ұйымының мамандандырылған мекемесі ретінде 1982 жылы 3 мамырда құрылған болатын. Оның штаб-пәтері Рабатта (Марокко) орналасқан.