Қазақстанның машина жасау саласында экспорттық әлеуетті арттыру мүмкіндіктері жеткілікті - М. Пішембаев
«Биылғы экспорттың төмендеу себебі баршаға белгілі, әрине бұл ең біріншіден Ресейдегі экономикалық ахуалға байланысты болды. Дегенмен, тұтастай алғанда 2012-2013 жылдар аралығында біздегі экспорттық жағдай тіпті төмен еді. Жоғарыда айтылған экспорттық алпыс миллион долларды құрайтын өнімнің ішінде елімізде шығарылған автомобильдер, аккумуляторлар, мұнай-газ саласының бұрғылары, саймандары, электрлік қосалқы стансалар бар. Тұтастай алғанда біздің отандық машина жасау саласы үшін экспортты арттыратын әлеуеттер жеткілікті», - дейді М. Пішембаев.
Оның сөзіне қарағанда, алдағы халықаралық форумда бұл мәселеге көбірек мән беріліп, экспорттық әлеуетті арттыру ең маңызды мәселенің бірі ретінде қарастыратын болады.
Еске сала кетейік, астанада өтетін форум «Жаңа экономикалық жағдайлар аясындағы машина жасау саласының проблемалары мен перспективалары» атты тақырыпта өрбиді. Форум алаңында машина жасау саласының мәселелерін қамтыған жеті секция жұмыс істемек. Шараға отандық 450-500 ұйымнан өкілдер, сонымен қатар әлемнің отыз елінен екі жүзге тарта делегаттар келетіні күтіледі.