Қазақстанның медицина қызметкерлерi бiр тәулiкте 1 мың ананы босандырып алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның медицина қызметкерлерi бiр тәулiкте 1 мың ананы босандырып алады.

Қазақстанның медицина қызметкерлерi бiр тәулiкте 1 мың ананы босандырып алады

Бұл туралы бүгiн Астанада медицина қызметкерлерiнiң кәсiби мерекесiне арналған салтанатты шарада ҚР Денсаулық сақтау министрi Салидат Қайырбекова мәлiм еттi.

«Бiр тәулiкте бiздiң әрiптестер бiр мыңға тарта ананы босандырып алады. 2 мыңнан астам ота жасалады. Олардың iшiнде ең жоғары технологиялы операциялар да бар. Жедел медициналық көмек көрсету қызметi тәулiгiне 18 мың мәрте шақыртуларға шығады. 7 мыңға жуық адам бiздiң стационарлық емдеуде қабылданады. Қандай индустрия және қандай ауқымды жұмыс екендiгiн көрiп отырсыздар», - деп атап өттi министр.

Оның айтуынша, медицина қызметкерлерiнiң жоғары кәсiбилiгi - медициналық қызметтердiң сапасына тiкелей әсер етедi. Министрдiң атап өткенiндей, жас мамандарға үлкен үмiт артылуда.