Қазақстанның мемлекеттік борышы қауіпсіз деңгейде - Қаржы министрі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның мемлекеттік борышы қауіпсіз деңгейде. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2014 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері жөнінде баяндама жасаған ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов айтты.
None
None

«Мемлекеттік борыш ағымдағы жылдың басында 5 трлн. 655 млрд. теңгені немесе жалпы ішкі өнімге 14,9 пайызды құрады. Мемлекет кепілдік берген борыш 83 млрд. теңгені, яғни, жарты млрд. АҚШ доллары немесе жалпы ішкі өнімнің 0,2 пайызына тең. Мемлекеттік борыш құрамына Үкіметтің, Ұлттық банктің және жергілікті атқарушы органдардың борышы кіреді», - деді Б.Сұлтанов.

Оның атап өтуінше, сыртқы борыш Үкіметте ғана бар. Ол бір трлн. 435 млрд. теңгені немесе жалпы ішкі өнімге 3.8 пайызды құрайды.

«Мемлекеттік борыш қауіпсіз деңгейде қалып отыр. Бұл шекті шамадан төмен. Ұлттық банктің деректері бойынша елдің сыртқы борышы 157 млрд. АҚШ долларын немесе жалпы ішкі өнімнің 74 пайызын құрады. Ал тікелей инвестицияларды, яғни, фирмааралық берешектерді алып тастасақ 78 млрд. АҚШ долларын немесе жалпы ішкі өнімге 37 пайызды құрайды», - деді ол.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік сектордың сыртқы борышы 7,3 млрд. АҚШ долларын құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар