Қазақстанның мемлекеттік телеарналарында жұлдыздардың қатысуымен жаңа жобалар, телесериалдар мен симкомдар пайда болады - Байланыс және ақпарат министрі
Өткен демалыс күні министр А.Жұмағалиев Бас редакторлар клубының мүшелерінен кездескен болатын. Сол кездесуде отандық бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына кедергі болып отырған проблемалар талқыланды Бұл аталмыш тақырыпты арқау еткен үшінші кездесу болды. Жаңа қызметке тағайындалғаннан бері А.Жұмағалиев наурыз және сәуір айларында республикалық және аймақтық басылымдардың редакторларымен кездесті.
Министрдің блогында атап көрсетілгендей, мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының сапа проблемасы туралы көп айтылып келеді. «Бұл мен қызметке тағайындалғалы бері айналысумен келе жатқан проблема. Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының атына «хабарлар қызықсыз», «ресми ақпараттар тым көп» деген сындарды жиі естиміз. Осы бағытта жұмыс істей бастағанымызды айтқым келеді», - делінген хабарламада. Атап айтқанда, мемлекеттік арналарда музыкалық редактор және креативтік редактор сияқты жаңа лауазымдар енгізілді, арналарда бірегей контент қалыптастыру жөніндегі жаңа тұжырымдамалар әзірленді, жаңа жобалар, телесериалдар мен ситкомдар пайда болады.
«Мемлекеттік телеарналарда «көріністі» жақсарту жұмыстары басталғанын, ақпараттың берілу форматы да біртіндеп өзгеретінін айтып өткім келеді», - дейді министр.
Министр А.Жұмағалиев сондай-ақ, телеконтент құруға танымал тұлғаларды тарту қажет деп санайды. Оның пікірінше, «ешнәрседен қорықпау керек, осылайша ғана біз кеңінен танымал бола аламыз». Бұл мәселеде өзара тиімді ынтымақтастық қағидасы жұмыс істеуі керек, дейді ол.
«Бас редакторлар клубы» 2007 жылдың қазан айында құрылған. Ол - құрамына Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен бас редакторлары кіретін қоғамдық, ерікті бірлестік. Клубтың негізгі мақсаты - мемлекеттегі шығармашылық атмосферасын нығайту, бұқаралық ақпарат құралдарының арасында салауатты бәсекелестік, өзара құрметке негізделген атмосфера орнату, БАҚ нарығының дамуына жағдай жасау, қоғамдағы тұрақтылық пен ұлтаралық келісім. «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті - «ОКО» газетінің бас редакторы Болат Ережепов.