Қазақстанның ММА федерациясы Морозов пен Витрук арасындағы қарымта кездесуді ұйымдастыруды ойластыруда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның ММА федерациясы Сергей Морозов пен Павел Витрук арасындағы қарымта кездесуді ұйымдастыруды ойластыруда. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның ММА федерациясының президенті Анатолий Ким мәлім етті.

Қазақстанның ММА федерациясы Морозов пен Витрук арасындағы қарымта кездесуді ұйымдастыруды ойластыруда

Еске сала кетсек, былтыр 61,3 келі салмақ дәрежесінде Морозов-Витрук кездесуі Мәскеуде M-1 Challenge 64 турнирі аясында өткен болатын. Қазақстан намысын қорғаған Сергей Морозов сол кездесуде үш раундтың қорытындысы бойынша жеңіліс тапты. Бұл оның спорттық мансабындағы алғашқы жеңіліс болғанын да айта кеткен жөн. 

«Есте болса, Сергей Морозов Мәскеуде Challenge турнирінде оңай жекпе-жек өткізген жоқ. Бұл титулдық кездесуге шығуға мүмкіндік беретін жекпе-жек еді және ол Витрукқа жол берді», - деп атап өтті ол. - Өкінішке орай, Сергей қазір чемпиондық титул үшін болатын додалардан шет қалып қойды. Меніңше, Павел Виртук осы салмақта чемпион атанатын секілді. Сол кезде біз қарымта кездесу туралы сөз қозғаймыз. Менің пікірімше, Павелдің өзі де қарымта кездесуге кетәрі болмайды, промоутерлермен де келісеміз».