Қазақстанның монополияға қарсы агенттігі интернет бағасын төмендетуі мүмкін

АСТАНА. 17 шілде. ҚазАқпарат - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі елдегі интернет қызметінің бағаларын зерттеп, оны төмендету мүмкіндіктерін қарастырады.

Қазақстанның монополияға қарсы агенттігі интернет бағасын төмендетуі мүмкін

Бұл туралы ведомство басшысы Ғабидолла Әбдірахымов  ҚР Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасын талқылауға арналған селекторлық отырыста мәлім етті.

"Мемлекет басшысы қазақстандық қоғамның ақпараттық құрауыш өмірін арттыру, азаматтарды ақпараттандыру мәселелерінде де, мемлекет пен халықтың тұрақты «кері байланысын» нығайтуда да интернет-технологияның мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі міндеттерді қойды. Оны іске асыру мақсатында агенттік төрағасы интернет қызметіне бағаны зерделеу және оны төмендету мүмкіндігін қарастыруды, сондай-ақ кіруге шектеу қою фактілерінің жолын кесу бойынша жұмыстарды жүргізуді тапсырды», - деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.