Қазақстанның мұнай-газ саласының 110 жылдығына арналған «Қылқалам энергиясы» конкурсының жеңімпаздары марапатталды

АНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Тәуелсіздік сарайында елорадада өтіп жатқан «Энергетика апталығы» іс-шарасы аясында Қазақстанның мұнай-газ саласының 110 жылдығына арналған журналистер арасындағы «Қылқалам энергиясы» конкурсының жеңімпаздары марапатталды,

Қазақстанның мұнай-газ саласының 110 жылдығына арналған «Қылқалам энергиясы» конкурсының жеңімпаздары марапатталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Конкурс комиссиясының шешімімен «Ақпараттық агенттіктің үздік журналисі» аталымында «Тренд» агенттігінің тілшісі Күлпаш Коңырова жеңімпаз атанса, «Орыс тіліндегі республикалық баспасөздің үздік журналисі» - Олег Червинский («Новое поколение» газеті), «Қазақ тіліндегі республикалық баспасөздің үздік журналисі» - Жылқыбай Жағыпар («Егемен Қазақстан» газеті) және «Аймақтық баспасөздің үздік журналисі»  аталымында  «Огни Маңғыстау» газетінің тілшісі Ақбала Алекешева жеңіске жетті. Сондай-ақ Қазақстанның мұнай-газ саласының 110 жылдығы тақырыбына қалам тербеген Жәмиля Каримоваға («Новое поколение» газеті), Расул Жұмалы («Эксклюзив» журналы), Жанар Низамутдинова («Алтын орда» газеті), «Нұр Астана» және 7-ші телеарнаның ұжымына арнайы сыйлықтар тапсырылды.

Жеңімпаздарды «Қазэнерджи» қауымдастығы және «ҚазМұнайГаз» компаниясының басшылығы құттықтап, барлық журналистерге ақшалай сыйақыларды табыстады.