Қазақстанның оңтүстігі мен батысы солтүстігі мен шығысына қарағанда біршама жылы - ауа райы болжамы

АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес еліміздің оңтүстігі мен батысы солтүстігі мен шығысына қарағанда біршама жылы болып тұр.

Қазақстанның оңтүстігі мен батысы солтүстігі мен шығысына қарағанда біршама жылы - ауа райы болжамы

Мәселен, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының кейбір жерлерінде желдің күшеюі секундына 15-22 метрге дейін жетеді деп күтілуде.

Ал Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында 43 градустық күшті аяз сақталады.