Қазақстанның оңтүстігі мен батысында жекелеген жерлерде өткінші жаңбыр жауады - 29 мамырға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстанның оңтүстігі мен батысында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жекелеген жерлерде найзағай аралас өткінші жаңбыр жауып, жел күшейеді, республиканың солтүстігі мен шығысында антициклонның ықпалы

Қазақстанның оңтүстігі мен батысында жекелеген жерлерде өткінші жаңбыр жауады - 29 мамырға арналған ауа райы болжамы

сақталуына байланысты күн райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасай отырып, ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарында 15-21 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде.

Алматы облысында Алакөл көлінің аумағында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде өрттің жоғары қаупі сақталады.

Алдағы тәуліктерде Алматы облысының жекелеген таулы өзендерінде су деңгейінің артуы байқалады, Батыс Алтайдың бірнеше өзендерінде су деңгейінің азаюы бақалады. Республиканың оңтүстік өзендерінде су деңгейі ауытқиды.