Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 13 ақпанда күшті аяз болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 ақпанда, бейсенбі күні республиканың оңтүстік бөлігіне антициклон бұрынғыша өз ықпалын сақтайды - ала бұлтты ауа райы күтіледі, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. Түнде Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде күшті аяз болуы күтіледі.
Солтүстік жақта атмосфералық ағындардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, кей жерлерде қар жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Алматы облысында кей жерлерде тұман тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында оңтүстік-шығыстан тұрған жердің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, күндіз 25 м/с-қа дейін ұйтқиды.
Алдағы тәуліктерде Қазақстанның су нысандарында мұз қату үдерісі одан әрі жалғасады, соның нәтижесінде республикалық оңтүстік, оңтүстік-шығысы және шығысындағы өзендерінде сең тоқтап, су деңгейінің құбылуы мүмкін. Сырдария өзеніне Қайраққұм су қоймасынан су келуінің азаюына байланысты Шардара су қоймасында оның деңгейі төмендейді.