Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстігінде дүйсенбі күні жауын-шашынды болып, жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның солтүстік және оңтүстік бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, мұнда кей жерлерде жауын-шашын болып, жел күшейеді, солтүстікте жаяу борасын көтеріліп, тұман түседі, көктайғақ болады. Республиканың қалған аумағында күн ашық болады, деп хабарлады Қазгидромет.

Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстігінде дүйсенбі күні жауын-шашынды болып, жел күшейеді

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, жаяу борасын жүреді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, түнде Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі. Маңғыстау, күндіз Атырау облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз Алакөл көлі ауданы тұсында жел 23-28 м/с-қа дейін күшейіп, ұйытқуы 35 м/с-тан асады