Қазақстанның оңтүстігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райына байланысты Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында ескерту жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

3-4 қараша күндері Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында жаңбыр жауып, таулы аймақтарда күшті жаңбырдың арты қарға ұласады, 3 қарашада жел оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетіп, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында 30 м/с-тан асады. Кейбір жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

3 қарашада күндіз ауа температурасы 10-15 градусқа дейін төмендеп, кей жерлерде 7 градус нөлден жоғары болады. Дауыл соғу ықтималы - 80-85%.

Соңғы жаңалықтар
telegram