Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы төмендейді
23 қыркүйек күні Атырау облысы мен Атырауда күн күркіреп, солтүстік шығыс, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
23-25 қыркүйек аралығында Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік шығыстан жел тұрып, оның ұйытқуы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с болады, соңы шаңды дауылға ұласады.
24 қыркүйекте Алматы облысында жаңбыр жауады, таулы аудандарда - жауын жауып, оның соңы қарға ұласады, желдің ұйытқуы 15-20 м/с.
24-26 қыркүйек аралығында түнде ауа температурасы 3-8 градусқа дейін төмендеп, кей жерлерде - 3 градустық қатқақ болуы ықтимал.
24-25 қыркүйек аралығында Жамбыл облысында желдің ұйытқуы 15-20, екпіні 23 м/с, түнде ауа температурасы 3-8 градус жылы болады. Кей жерлерде -3 градустық қатқақ болуы ықтимал, күндіз ауа температурасы 15-20 градус, кей жерлерде 12 градус жылы болуы ықтимал.