Қазақстанның оңтүстігінде бәйшешек гүлдеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің көптеген өңірінде қыс әлі де өз билігін жүргізіп тұр. Ал оңтүстікте көктемнің жаршысы - бәйшешек гүлдеді, - деп жазады 24.kz.
None
None

Күн нұрын сеуіп, өңірде жайма-шуақ күй орнаған. Ағаштар бүр жарып, жер ананың тамырына қан жүгіре бастады. Көктемді жақындататын бәйшешек өзінің нәзіктігімен, сұлулығымен оңтүстік тұрғындарына қуаныш сыйлағандай.

Күн райын болжаушылар тек демалыс күндері ғана емес, алдағы аптада да күн жылы болатынын айтады.

Ақпанның 24-і мен наурыздың 2-сі аралығында Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз 12-ден 17 градусқа жылы болады. Кей жерлерде аздаған жауын-шашын болуы мүмкін. Ал өңірдің солтүстік аудандарында түнде +2+7 градус жылылық сақталады.

Соңғы жаңалықтар