Қазақстанның оңтүстігінде күн 1-3 градусқа дейін суытады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 10-12 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстанның солтүстігіндегі циклон мен атмосфералық ауа ағындары көптеген облыстарда жаңбыр мен қар аралас жаңбыр, тұман мен көктайғақ әкеледі. 10 сәуірде батыс облыстарда антициклон таралып, ауа райы жауын-шашынсыз болады», - делінген синоптиктердің хабарламасында.
Оңтүстіктегі облыстарда ауа райына байланысты ескерту жарияланды. 10 сәуір күні Қызылорда облысында, 9-11 сәуір күндері түнде Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 1-3 градусқа дейін суық, 11-12 сәуірде Жамбыл және Алматы облыстарының кей жерлерінде 5 градусқа дейін қатқақ болуы ықтимал.