Қазақстанның оңтүстігінде күн күркіреп, найзағай ойнайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның оңтүстігінде күн күркіреп, найзағай ойнайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
31 наурыз күні кешкісін Түркістан облысының кей жерлерінде күр күркірейді. Бірқатар аймақтарда тұман түсіп, күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан мен Шымкентте 31 наурыз күні кешкісін күн күркіреп, найзағай ойнайды.
Ауа райының бұзылу ықтималдылығы 90-95%