Қазақстанның оңтүстігінде жел күшейеді деп күтілуде, кей жерлерде шаң көтеріліп, дауыл тұрады - 20 шілдеге арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. 19 шілде. ҚазАқпарат - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша, 20 шілдеде Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыздығы сақталады, кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, бұршақ жауып, ұйытқыған жел соғуы мүмкін, тек республиканың батысында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Маңғыстау облысында, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді деп күтілуде, Қызылорда облысында шаң көтеріліп, дауыл тұрады. Ақмола, Қостанай облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде.
Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты ыстық болады деп күтілуде.
Республиканың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында кей жерлерде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.
Жуырдағы үш тәулікте республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысы өзендерінің көпшілігінде су деңгейінің тұрақсыздығы байқалады; Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының жекелеген таулы өзендерінде жаңбыр жауады деп күтілуіне байланысты, су шығыны ұлғаюы мүмкін. Қазақстанның жазық аумағының өзендерінде гидрологиялық тәртіпте айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.