Қазақстанның оңтүстігінде жеміс-жидек агропарктері құрылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының экономикалық әлеуетін арттыру мақсатында мемлекеттік және жеке секторларды шоғырландыру арқылы шағын және орта бизнеске, әсіресе ауыл шаруашылығын дамытуға инвестиция тарту үшін алдағы жылдары осы аймақтарда жеміс-жидек сақтау қоймаларын салу, жеміс-жидек бақтарын, өңдеу кәсіпорындары мен аралас өндірісті дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Осы бағытта «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, Жамбыл облысының әкімдігі мен «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы, сондай-ақ «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы арасында ынтымақтастық жөніндегі үш жақты меморандумға қол қою жоспарлануда.

Бау-бақша шаруашылығын дамыту жоғары мультипликативті нәтижеге ие. Бұл - контейнер жасау, қаптау, техниканы құрастыру, тамшылатып суару және т.б. өндірістер бойынша жобаларды құруға мүмкіндік береді.

«Жергілікті атқарушы органдар жер учаскелерін беріп, инфрақұрылым мен ғимарат құрылысына жауапты болса, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ клиенттерді тартып, экспортқа бағдарланған «АгроЭкспорт» бағдарламасы бойынша жеңілдікпен қаржыландыру жұмыстарын жүзеге асырмақ», - делінген таратылған хабарламада.   

Соңғы жаңалықтар